Әзілкеш 8 наурыз мейрамында әйеліне зираттан орын сыйлады
Ресейлік танымал музыкант, шоумен Стас Барецкий 8 наурыз мейрамында әйеліне қайтыс болғанында жерлену үшін зираттан орын сыйлаған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бұл туралы «Страсти» басылымы жария етті. Шоуменнің айтуынша, ол нәзік жандыларға көптен бері парфюм сыйламаған. Оның орнына пайдалы сыйлықтар бергенді жөн көреді. Мысалы, әртіс бір кездері дос қызына себетке немесе вазаға емес, унитазға салынған гүлдер сыйлағанын айтты. Барецкий сүйіктісіне тағы бір ерекше сыйлық сыйлағаны анықталды.
«Айтпақшы, өткен жылы сүйіктіме 8 наурызға зираттан жер телімін сыйладым, өйткені мен – Кәсіби жерлеу агенттері одағының президентімін. Ондай сыйлық алуға мүмкіндігім бар. Басында ол маған ренжіген, бірақ ол әзілді жақсы көретін қыз болғандықтан сыйлығымды қабыл алды. Мен оған алдымен жылжымайтын мүлік сияқты жер телімдері де үнемі қымбаттап жатқанын түсіндірдім. Екіншіден, оны қажет болса, жылжымайтын мүлік сияқты сатуға болады», - деп мойындады шоумен.