Қазақстандық актер көңілдесімен киноға барамын деп әйелінен таяқ жеді
Еліміздегі кинотеатрлардың бірінде келеңсіз оқиға тіркелген,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі Sn.kz порталына сілтеме жасап.
Бөтен қызбен фильм тамашалауға барған актер Бокунов Алишер әйеліне ұсталып қалған.
Аталмыш видео желіде кеңінен тарап, қызу талқыға түскен.
Күйеуі болса не істерін білмей, әйелін тыныштандыруға тырысқан.
Алайда аталмыш видеоның пранк әрі жақында шығатын киноға жарнама екенін жазып жатқандар да бар. Актердің өзі ресми түсініктеме берген жоқ.







