"Азиялық Оскар": Алғаш рет үздік актриса атанған Әсел Сәдуақасова таңданысын жасыра алмады
437
Отандық актриса Әсел Сәдуақасова "Азиялық Оскар" аталып кеткен 15-ші The Asian Film Awards кинофестивалінде үздік актриса атанды. Ол режиссер Әділхан Ержановтың "Ұлболсын" фильміндегі рөлі үшін марапатталған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Бұл туралы актриса өзінің Instagram желісіндегі парақшасында мәлім етті.
"Мен өзімнің актриса екенімді ұмытып бара жатқан едім. Жалпы, бұл менің халықаралық фестивальдегі алғашқы жүлдем. Халықаралық емес, жалпы алғаш рет үздік актриса атанып отырмын. Себебі, бұл біраз уақыт бұрын болған еді", - дейді таңданысын жасыра алмаған Әсел Сәдуақасова.
Айта кету керек, The Asian Film Awards кинофестивалі биыл 15-ші рет өтіп отыр. Алғаш рет іс-шара 2007 жылдың 20 наурызы күні аталып өткен. Фестивальге Азиядағы халықаралық прокаттағы үздік картиналар анықталып, марапатталады. Жыл сайын Гонконгте өтетін бұл фестиваль ел арасында "Азиялық Оскар" атанып кеткен.