"Мақпалдың да кесірі тиді": Нұрқаділовтің өліміне қатысты деректер жария болды

1 387

Генерал Амангелді Шабдарбаев Abay Live YouTube арнасына берген сұхбатында Заманбек Нұрқаділовті еске алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz"ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.


Генерал марқұмның өзіне өзі қол жұмсағанына сенбейді.


“Мақпал Жүнісовамен кездестім. Екеуміз жақсылап тұрып әңгімелестік. Ол кісі де біраз әңгімесін айтты. Мен де Заманбек туралы жақсы айттым. Бірақ уақыт келеді деп айттым. Бірақ мен деп айтқан жоқпын, себебі оны Ішкі істер министрлігі қарады. Мен Заманбектің өлімін тексеріп, барған жоқпын. "Өз-өзін үш рет махаббат үшін атпас еді" деп айттым. Сондықтан ол өз-өзін атқан жоқ", - дейді ол.


Амангелді Шабдарбаевтың айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаев пен Заманбек Нұрқаділов бір кездері достық қарым қатынаста болған.


“Алдында Нұрсұлтан Назарбаев пен Заманбек Нұрқаділов қатты дос болды. Назарбаев Заманбекке "сенің жақсылығыңды ұмытпаймын" дегендей айтты. Соған Заманбек қатты сенді. Содан кейін кішкене арақ ішті. Мақпалға үйленді. Сондай жасай бастағанда, елдің бәрі Назарбаевқа "мынаны бүйту керек, сүйту керек" деді. Сонда марқұм Заманбек пен Терещенко екеуі сөзге келіп қалыпты. "Мені телефонмен Заманбек боқтады" деп Терещенко жүгіріп келді. Президент Заманбекке "неге боқтайсың" деді. Сонда Заманбек "мен боқтаған жоқпын" депті. Сөйтіп Назарбаев Терещенко жағын қолдады да, Заманбекке тиісті. Сөйтіп, сөзден сөз шығып, екеуінің арасы жаман болып кетті. Ол кезде Мақпалдың да кесірі тиді. Айта береді ғой. "Сенен Назарбаев қорқады, сені пайдаланды" деген сөздер шығар. Ана кісі сөзінде тұрмаған ба, Заманбек қатты-қатты сөйлей бастады. Оны кім өлтіргені белгісіз, мен де білмеймін", - дейді генерал.