"Баян екеуіміздің дұрыс сүйіскенімізді көрсету керек еді" - Қуандық

1 153
Отандық танымал актер Қуандық Шәкіржанов продюсер, актриса Баян Мақсатқызымен сүйіскеніне қатысты алғаш рет сұхбат берді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Қуандық Шәкіржанов НТК арнасындағы "Өзіміз ғой" бағдарламасында кинодағы махаббатының рөлін сомдайтын Баян Мақсатқызымен арада болған сезімдері туралы айтты.

"Кино болғаннан кейін бәрі де болады. Ол сценарий бойынша да солай болуы керек. Біз енді Баянмен замандаспыз ғой. Ол менен кіші. Ол да актриса, режиссер. Былайша айтқанда, мұны достық әзіл деп түсінген дұрыс шығар. Бірақ мына балалар дайындық кезін салып жіберіпті әлеуметтік желіге. Өйткені бірнеше дубль болады ғой. Ақыры салғаннан кейін дұрыстап сүйіскенді салу керек еді. Әйтпесе, көбі мені сүйісе алмайды екен деп ойлап қалды", — деді Қуандық Шәкіржанов.