"Ұрпақты құртады"...

366
Қазақстандық шоу-бизнес өкілі Алтынай Жолдыбаева ашық сәнді киімде дала түймедақтарын ұстап фотосессия ұйымдастырды. Көбі оның образын келісті санап, тәнті болса, енді бірі әншінің мұндай кейіпте көрінуін сынап, жағызсыз пікір қалдырды.
 
Фотосессия жасаған "Джейран" тобының солисі онда қысқа, арқасы ашық ақ көйлек киіп, қолына дала түймедақтарын ұстаған. Тағы видеода әнші осы кейіпте аппақ ваннаға жатып та фотоға түседі. Жеңіл киім қызға нәзіктік сыйлағаны байқалады, оны қызықтаған қолданушылар қызу пікір алмасты.
 
"Сіздің осындай фотосессияларыңыз ұнайды", "Керемет, өте әдемі", "Әдемі, сұлу қыз", "Ұнатамын сізді", "Өте нәзік және әдемі", "Сұлулық пен әйелдік символы", "Секси", "Көктем келді дейсің ғой", "Жаным, жақсы көрем", "Менің жаным", – деді олар. 

Дегенмен де, бұл жолы да мұндай ашық-шашық дүниені ұнатпайтындар үнсіз қалған жоқ, ал мұндай жағымсыз пікірлерге Алтынайдың еті үйреніп қалғаны анық.
 
"Осындай бейшаралар құртады ғой болашақ ұрпақты. Шешіп тастамадың ба киміңді?", "Не үшін шешінесіңдер, бірде-бір дұрыс пікір жоқ", – деп пікір қалдырған желі қолданушылары