Бала күнгі видеосын жариялаған Дариға Бадықова елді таңғалдырды
2 223
Отандық танымал актриса әрі кинопродюсер Дариға Бадықова желіде кішкентай кезіндегі видеосын жариялап, елді таңғалдырды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Дариға Бадықова аталмыш бейнежазбаны Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Онда 8 жасар актрисаның сахнада ән шырқап тұрғанын көруге болады.
"Ақ сәулем" әнін орындап жатқан 8 жасар Дариға. Осы кезде ойымда дым жоқ. "Таптым-ау сені" фильмімен жанталасып жүретінімді білмедім-ау", - деп жазды өнер иесі.
Желі қолданушылары актрисаның бала күнінен аса өнерлі екенін атап өтіп, оған жылы лебізін жаудырды. Көпшілік Бадықованың дауысына жоғары бағасын берді.
"Дауысыңызда қоңыр үн бар екен", "Бала күніңізден жұлдыз болыпсыз ғой", "Шашымыз бірдей болыпты. Қазір 8 жасар қыздарда мұндай шаш жоқ", "Өнерге кездейсоқ келмеген деп осыны айтады", "Дауысыңыз керемет", "Кішкентайынан әнші екен ғой Дариға ханым", "Ең бағалы көрермендердің алдында ән шырқаған екенсіз. Бас қалай ойнап тұр", - деп жазды оқырмандар.