Мейрамбек Беспаевтың әйелі жүкті екенін мәлімдеді

2 453

Фото: видеодан скриншотӘнші Мейрамбек Беспаевтың әйелі Мархабат Беспаева өзінің жүкті екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Мархабат Беспаева үшінші сәбиіне жүкті. Қуанышты жаңалығымен желідегі парақшасында бөлісті. 

“Әйел үшін қуанышқа толы ең бақытты кездердің бірі – ол 9 ай құрсағында сәбиін көтеріп жүру болса керек. Аллаға шүкір, осы әдемі кезеңді мен де міне, үшінші рет басымнан кешудемін”, – деп жазды Мархабат.

Араға 9 жыл салып көтерген сәбиін асыға күтетінін мәлімдеді. 

“Біз сені қатты күтудеміз, сәбиім! Сәби күтіп жүрген әр әйелге жұғысты болсын”, – деді ол.


 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.