Айгүл Иманбаева алғаш рет көпшілікке күйеуін көрсетті

2 155

Фото: instagram.com/aigul_imanbayevaҚазақстандық танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева алғаш рет көпшілікке жолдасын көрсетті. Өнер иесі отандық бағдарламалардың бірінде некесін қиған сәтінен видеоны жария еткен, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Жақында ғана жеке өміріндегі жаңалықтарын қалың көпшілікке хабарлаған Иманбаева енді жолдасын жасырмай көрсетуді шешкен. Ол белгілі журналист Әйгерім Сейфолланың "Сырласу" бағдарламасында қонақ болып, халыққа отағасымен түскен видеосын жария еткен. 


Бейнежазбада қос ғашықтың мешітте некесін қидырып жатқанын көруге болады. Бұл рәсімге актрисаның ұлы да қатысқан. Асылжан Әбдімүтәлі анасының өміріндегі маңызды күндердің бірінде қасынан табылып, марқұм атасының орнын жоқтатпай келген. 

"Күйеуімді еш жерде көрсету ойда болған жоқ. Алайда бұл сырласуда көрсетемін деп шештім. Бұл Лос-Анджелес қаласында некемізді қиған сәт. Әкем дүниеден өткен соң, ұлым оның орнын жоқтатпай мені аманаттап жолдасыма берді. Ол куәгер емес, аман ретінде мені тапсырды", - деді әнші.

  

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.