Төреғали мен Толқынның суреті елді тәнті етті

423

Фото: https://www.instagram.com/toregalitoreali/Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Төреғали Төреәлінің жары желіде жаңа фотомен бөлісіп, елдің ыстық ықыласына бөленді.


Толқын Тұрарбекқызы жолдасымен түскен жаңа суретін өзінің Instagram парақшасында жариялап қойған. Фотода ерлі-зайыптылардың табиғат аясында күлімдеп тұрғанын көруге болады.


 "Жеңісі бақыт, жеңілісі қайғы. Махаббат деген қарусыз майдан", - деген жазба қалдырған әншінің келіншегі суреттің астына. 


Желідегілер жұлдызды жұптың фотосына тәнті болып, бірден оларға өз жылы лебіздерін білдірген. Оған қоса, олар жақында бесінші сәбиінің дүниеге келуін күтіп жүрген ерлі-зайыптыларға ақ тілектерін де жолдады.


 "Қандай жылы фото. Махаббаттарың таусылмасын", "Бірге осылай күлімдеп жүріп қартаюды нәсіп етсін", "Махаббаттарың баянды болсын", "Сіздер жастарға үлгі боларлықтай жұпсыздар. Тәнтімін өздеріңізге, отбасыларыңыз аман болсын", "Бесінші сәбилеріңіз өмірге аман келіп, қызықтарына тоймай жүре беріңіздер", - деп жазуда көпшілік. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.