"Діншіл емеспін": Баян Алагөзова Жаратушыға сенетінін айтты

2 504

Фото: Instagram.com/bayanmaxatkyzyПродюсер Баян Алагөзова журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында дінге көзқарасы мен Тәңір философиясына жақын екенін айтты, - деп  хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Баян Алагөзованың сөзінше, ол Тәңір ұғымын дін емес, адамды табиғатпен, қоршаған ортамен және ғаламмен үйлесімде өмір сүруге үндейтін философия деп қабылдайды.

“Тәңір – дін емес. Бұл адамдармен, табиғатпен, ғаламмен үйлесімде өмір сүру философиясы. Мен – ғаламның бір бөлшегімін, ғалам да менің бір бөлшегім. Құдай менің ішімде, мен Құдайдың бір бөлшегімін. Мен құл емеспін, мен еркін адаммын. Сондықтан бұл дүниетаным маған әлдеқайда жақын”, – деді ол.

Продюсер өзін діншіл адам санамайтынын, бірақ Жаратушының бар екеніне сенетінін жеткізді.

“Мен діншіл емеспін, мұны талай рет айттым. Бірақ сенетін адаммын. Бізді жаратқан бір күш бар екеніне толық сенемін. Өйткені осының бәрін біреу жаратты ғой”, – деді Алагөзова.

Ол ғаламның құрылымы, табиғат пен адамның өмір сүру заңдылығы өзінен-өзі пайда болды дегенге сенбейтінін де айтты.

“Кейде аспанға қарап, мұның бәрі адам ақылына сыймайды деп ойлаймын. Ғаламның соңы қайда? Оның ар жағында не бар? Мұның бәрінің Жаратушысы бар”, – деді ол.

Алагөзова белгілі бір дінді ұстанбайтынын айтқанымен, адамды табиғатпен және ғаламмен біртұтас деп қабылдайтын Тәңір дүниетанымын өзіне жақын көзқарас ретінде сипаттады.  

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.