Танымал актриса Әсел Сәдуақасова неге шетелге кеткенін ашып айтты
Белгілі актриса, кинопродюсер Әсел Сәдуақасова неліктен Қазақстаннан көшіп кеткенін түсіндірді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Өнер иесі алдымен Қазақстанда тұру оған өте қатты ұнайтынын жеткізген. Оның айтуынша, Қазақстанда, оның ішінде Алматыда оның танысы көп, жаңа ұсыныстар жиі түседі, оны жақсы көреді. Алайда мұндай жағдай адамды жайлы зонаға түсіріп жібереді, дейді актриса.
Актриса шығармашылық демалыс үшін Балиді таңдағанына өте қатты қуанатынын айтқан. Оның сөзінше, Бали ауыл сияқты, мұнда бәрі қарапайым жолмен шешіледі. Ол бойындағы ауыртпалықтың бәрінен осындай тыныш мекенде құтылғысы келгенін жасырмады.







