"Бетін балтамен ұрған": Ақбота Керімбекова бетіндегі қалының құпиясын ашты

2 366

Фото: Instagram/botakerimТанымал әнші Ақбота Керімбекова балалық шағын есіне алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Өнер иесі “КешREG” бағдарламасында қонақ болды. 

“Көбі біледі ғой, бетімде қал бар. Соны бала кезімде көп мазақ ететін. Мектепте де, балабақшада да барлығы келеке еткен. "Көк көз, бетін балтамен ұрған" деп неше түрлі сөздер айтатын. Содан кейін ішімде комплекс пайда болды. Көп көзіне түсуден қашып, көпшілік ортадан қашатынмын. Суретке де түскім келмейтін. Содан адамның емес, Алланың қалауы болып өнерде, халық алдында жүрмін.  Алла мен қаламаған дүние болса да мені бұрып қазақ сахнасына әкелді”, – деп ағынан жарылды әнші. 



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.