Бейнебаян 3 қаңтарда Қытайдың CGTN телеарнасынан көрсетіледі.
«Болашақ үшін біргеміз!». Бұл енді 2022 жылғы Қысқы Олимпиада және Паралимпиада ойындарының ресми әнұраны ғана емес, сонымен қатар музыкалық эстафетаның атауы,— деп жазба қалдырды Димаш Құдайберген.
XXIV қысқы Олимпиада ойындары Бейжіңде 2022 жылдың 4-20 ақпаны аралығында, ал Паралимпиада ойындары — 4-13 наурызда өтеді.