"Алғашқы романтикалық кешкі ас": Дана Есеева күйеуіне ерекше тосынсый жасады

396
Қазақстандық танымал блогер Дана Есеева жолдасына нағыз романтикалық кешкі ас ұйымдастырып, қалың көпшілікті тәнті етті. Көпбалалы ата-ана мұндай отырысты некелерін қиғалы алғаш рет өткізіп жатырған көрінеді.
 
Дана Есеева жұбайы Мейіржан Төребаевқа қандай тосынсый жасағанын Instagram парақшасында көрсетті. Танымал блогер жолдасын биікте орналасқан мейрамханаға шақырып, оған романтикалық кешкі ас ұйымдастырған. Сонымен қатар, желі жұлдызы өздері үшін арнайы музыкантты да шақыртқан. Отбасылық өмір басталғалы алғаш рет осындай кешкі асқа шыққан ерлі-зайыптылар өз әсерлерін барша оқырмандарына бөліскен. "Біздің алғашқы романтикалық кешкі асымыз. Бір жолы Мейіржан романтикалық кешкі ас ұйымдастырмақ болған. Бірақ біз балалармен бардық. Қызық болды, бірақ атмосфера бәрібір мұндай емес. Жақында неліктен мұндай асты өзім ұйымдастырмаймын деп ойладым?! Ол маған себепсіз сыйлықтар жасайды ғой.