Мерей Абилова ұлды болды: “Ұлым, қош келдің өмірге!”

2 545

Фото: Instagram.com/abilovva_m/Танымал блогер Мерей Абилова екінші сәбиін дүниеге әкелді, - деп  хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат  агенттігі.

Ол сүйінші жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, перзентханадан суреттер жариялады. Кадрларда блогер жолдасы Димаш Қашкен және жаңа туған ұлымен бірге түскен.

Айта кетейік, блогер ұлды болды.

“Ұлым, қош келдің өмірге! Аллаға Шүкір! 07.08.2026”, – деп жазған ол.

Мерей Абилованың оқырмандары мен өзге де блогерлер оны жарыса құттықтап, ақ тілектерін жаудырып жатыр.

“Жарайсың, Мерей. Бауы берік болсын”, “Құттықтаймыз! Денсаулық пен бақыт тілеймін”, “Ана мен сәбидің денсаулығы мықты болсын”, – деп жазды олар.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.