"Төрт баласы бар ажырасқан әйелді алуы ақылға сыймайтын дүние" - Алтынай Жорабаева

1 309

Танымал әнші Алтынай Жорабаева екінші күйеуінің ата-анасымен қалай танысқанын айтып берді,  - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі “Ұйқым келмейді” бағдарламасына сілтеме жасап.


“Ол алғашында: “Қыздар мені қалай қабылдайды екен?” деп қорықты. Мен “қыздарды қоя тұр, алдымен сенің ата-анаңның алдынан өтейік” дедім. Себебі Шымкентте үйленбеген еркектің төрт баласы бар ажырасқан әйелді алуы ақылға сыймайтын дүние. Содан Әлішердің әке-шешесінің алдына барып, батасын алатын болдық. Олар батасын берсе, менің ата-анама барамыз деп шештік. Біз барғанда марқұм әкесі: “Естіп жатырмыз. Бақытты болыңдар. Бірақ сенің әке-шешең біле ме?” деп сұрады. “Әкем білмейді, анам шет жағасын біледі” деп едім атам шошып кетті. “Әкең келіспей қоса қайтеміз? Сен жұлдызсың, біз қарапайым адамбыз” дейді. Керісінше үйленбеген жігіттің балалары бар ажырасқан әйелге үйленуі мүмкін емес дүние десем, “бұл жерде балалардың ешқандай кінәсі жоқ қой” деді. Менің әке-шешем бұған қуанбаса, еш ренжімейді” дедім, – дейді әнші күліп.


Алтынай Жорабаева екінші күйеуі мен қыздарының жақсы қарым-қатынаста екенін атап өтті.


“Мен махаббатыңды берсең болды дедім. Сөйтіп ол қобалжып жүргенде, бір жылға жетпей үлкен қызым: “Сізді “папа” десек бола ма?” деп сұрады. “Шошаңдап жүре бермей, бала туып берсеңші” деп жазатындар көп. Сонда мен ыңғайсызданып, көңілім түсіп қалады. Сонда ол: “Ертең Құдайдың алдына барғанда “неге балаң болған жоқ?” деп сұралмаймын. Керісінше қыздарға қандай әке, саған қандай жар болдым деп сұраламын. Сол кезде ойланып қаламын”, – дейді Алтынай Жорабаева.