Айгүл Иманбаева келініне ерекше той жасап берді
Актриса әрі әнші Айгүл Иманбаева бұрынғы күйеуі Сәбит Әбдіхалықовпен бірге ұлы, келіні және немересінің бір жасқа толуын атап өтті,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Тойда Айгүл Иманбаеваның анасы, бұрынғы және қазіргі енесі қатар тұрып тілек айтты.
Айгүл Иманбаева Instagram желісіндегі парақшасында тойда түсірілген ерекше видеоларды жариялады.
"Ал достар той бастады, керемет кештің куәсі болыңыздар", - деді әнші қандай той екенін нақтыламай. Алайда той төрінде әншінің ұлы мен келінінің және немересінің есімі жазылып тұрды. Желіде жарияланған кадрлардан тойға актрисаның ет жақындары, әріптестері, достары келгенін байқауға болады.
Тойда Айгүл Иманбаеваның анасы және бұрынғы енесі мен қазіргі енесі қатар тұрып тілек айтты.







