Жазира Байырбекова: Жанболаттың ойнап айтқан сөзі 30 жылдан кейін орындалды

2 668

Фото: old.aqmeshit-aptalygy.kzОтандық шоу-бизнестегі жарасымды жұлдызды жұптардың бірі Жанболат Ербатыров пен Жазира Байырбекова Меккеге қажылыққа аттанды. Ерлі-зайыпты қасиетті мекенге сапарға баруды бұрыннан армандап жүрген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Жазира Байырбекова жолдасының осыдан 30 жыл бұрын ойнап айтқан сөзі енді шынымен орындалып жатқанын айтты. 

"Ол кезде студентпіз. Қыз бен жігіт болып та жүрмейтін кезіміз. Бір күні Жанболат маған Меккеде суретке түскен шетелдік бір кісінің фотосын көрсетіп, "мынау мен ғой" деп қалжыңдады. Сол айтқаны орындалып, 30 жылдан кейін қасиетті мекенге табанымыз тиді. Үлкендердің "ойнап сөйлесең де, ойланып сөйле" деген ақылы дұрыс екен", - деп жазды Жазира Байырбекова Instagram парақшасында. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.