Алмас Кішкенбаевқа сот үкімі шықты

2 725

Фото: instagram/ a.kishkenbaevЖақында әлеуметтік желілерде ауыр айып тағылып, полицияға жеткізілгені айтылған әнші Алмас Кішкенбаевқа сот үкімі шықты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Алмас Кішкенбаев 15 тәулікке қамауға алынды.

«ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде қоғамдық тәртіп пен тыныштықты бұзатын жеке тұлғаларға зәбірлеп тиiскені үшін жауапкершілік қарастырылған. Сотпен айыпталушы мас күйінде бола тұра, осындай әрекеттерді жасағаны анықталды. Сотта оқиғаның мән-жайы есінде жоқ екенін түсіндірді. 434-баптың 1-бөлігінің санкциясы 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе 5 күннен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу түріндегі жауапкершілікті қарастырады. Жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар анықталған жоқ», - делінген хабарламада.

Соттың мәліметінше, жауаптылықты ауырлататын мән-жай мас күйінде құқық бұзушылық жасау болып анықталды.

«Жоғарыда айтылғандардың негізінде айыпталушы ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 15 тәулікке қамауға алу жазасы тағайындалды. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ», - деп хабарлайды қалалық сот.




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.