Актёр Дәурен Айдарқұлов үшінші мәрте үйленді
2 600
Танымал актёр Дәурен Айдарқұлов үшінші рет шаңырақ көтерді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.
Кино жұлдызы өз парақшасында сүйінші хабарымен бөлісіп, жаңа өмірінің басталуын жариялады:
“Мен үйлендім. Аллаға шүкір! Әйелімнің есімі – Жұлдыз”
, – деп жазды Дәурен.
Ал актёрдің экс- жұбайы, әнші, актриса Ақбота-Нұр Сейтмағамбет жаңалыққа жылы лебізін білдіріп, жас жұбайларға бақыт тіледі:
“Бақытты болыңдар! Сендер үшін қуаныштымын”
, – деп жазды актриса.
“Ес білгелі үйленіп жүр”, “Балалары өсіп қалғанда ұят емес пе?!”, “Біз етікті бұлай тез ауыстырмайтын шығармыз”, “Несіне мәз болады”, “Қандай сұлу қызды алып жатыр?!”, “Екі әйелді бақытты ете алмаған адам үшіншісін де қатырады деп ойламаймыз”







