Мақпал Исабекова Луинаға алғысын айтты

400

Фото: әнші Мақпал ИсабековаОтандық танымал әнші Мақпал Исабекова өмірдегі және өнердегі құрбысы Луинаға өз алғысын жеткізді. Шоу-бизнес жұлдызы сахнадағы әріптесінің үйлену тойынан кейін өз махаббатын кездестіріп, қалыңдық атанғанын айтады.

Мақпал Исабекова бүгінде өмірінің ең бақытты сәттерінің бірін кешіп жатқанын айтып, ол үшін құрбысы Луинаға өз алғысын айтты. Эстрада жұлдызы Instagram парақшасында арнайы жазба қалдырып, қызықты фактілерді келтіріп өтті. 

Оның айтуынша, Луинаның тойында қыз жолдас болғандар өз махаббаттарын тауып кетсе, қалыңдықтың гүл шоғын қағып алған Сая Оразғалиева келін атануға дайындалуда. Әнші аталмыш тойдан кейін бірқатар қыздың бағы ашылғанын жеткізді.

 "Луина екі жыл бұрын қыз жолдас бол дегенде тұрмысқа шықпаған қыздарға жол ашып бергісі келетінін айтқан еді. Қазақпыз ғой, ырымшыл халықпыз. Жәния Джуринская жарты жылдан соң махаббатын кездестіріп, тұрмысқа шықты. Мен сүйіктімді жолықтырып, қалыңдық атандым. Алла қаласа, жақында тұрмысқа шығам. Қалыңдықтың гүлін қағып алған Сая Оразғалиева да бірнеше күн бұрын ғана қалыңдық атанды. Жүрегім тыныш. Әрбір әйел бақытқа лайық. Әйел ең керемет махаббатқа бөлену керек" , - деп жазды Мақпал Исабекова.
                                                                                                                                     

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.