Баян Алагөзова коронавируспен ауырғанын айтты

2 266

Фото: YouTube/dina_tolepbergenПродюсер Баян Алагөзова көптен бері әлеуметтік желіге шықпай кетуіне не себеп болғанын айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Продюсер денсаулығы сыр беріп, сырқаттанып қалғанын айтты. Шетелден демалыстан оралған ол әлі толық айықпағанын жеткізді.

«Достар, көптен бері эфирге шықпай кеттім. Коронавируспен ауырып қалдым. Он күн бойы орнымнан тұрмай жаттым. Абай болыңыздар, вирус жүр. Шынымды айтсам, бұлай қатты ауырып көрмеппін. Коронавирустың белгісіз түрі сияқты. Өте қиын болды. Бәріміз ауырдық. Түркияда да емделдім. Әлі де әлсіздік бар»,  - дейді продюсер.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.