Баян Алагөзова коронавируспен ауырғанын айтты
2 269
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Продюсер Баян Алагөзова көптен бері әлеуметтік желіге шықпай кетуіне не себеп болғанын айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Продюсер денсаулығы сыр беріп, сырқаттанып қалғанын айтты. Шетелден демалыстан оралған ол әлі толық айықпағанын жеткізді.
«Достар, көптен бері эфирге шықпай кеттім. Коронавируспен ауырып қалдым. Он күн бойы орнымнан тұрмай жаттым. Абай болыңыздар, вирус жүр. Шынымды айтсам, бұлай қатты ауырып көрмеппін. Коронавирустың белгісіз түрі сияқты. Өте қиын болды. Бәріміз ауырдық. Түркияда да емделдім. Әлі де әлсіздік бар», - дейді продюсер.
Қаз
Рус






