"Маған тағы ұсыныс жасады" - Балжан Бидаш
Балжан Бидаш әлеуметтік желідегі парақшасында өзіне ұсыныс жасағанын айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Ал, “Harper’s BAZAAR Kazakhstan” басылымына берген сұхбатында Жаханмен ажырасып кетуінің себебін айтқан болатын.
Балжан Бидаш пен Жахан Отарғалиев әлеуметтік желіде бір-біріне ғашық, еркелеткенде алдына жан салмайтын жұлдызды жұптың бірі еді. Алайда ерлі-зайыптының екі жаққа кеткеніне желі қолданушылары бастапқыда сенген жоқ.
“Ешқандай блогер өзінің минустарын, ішкі кухнясын, шынайы бейнесін әлеуметтік желіге шығармайды. Біз де сондай инфлюенсерлердің қатарында болдық. Конфликттерді көрсетпедік. Бақытты, қуанышты сәттер де болды. Біздің "позитивті" видеоларымызға үйреніп қалған оқырман, екі жаққа кеткенімізді қабылдай алмады. Басында сенбеді. "Жол" фильмі алдында жасалып жатқан PR қадам деп топшылады”, – дейді Балжан Бидаш.
Сондай-ақ әнші бұл шешімін ата-анасына қалай жеткізгенін де жасырмай айтты.
“Олардың тарапынан әрқашан қолдау болған, бола бермек. Жастайымнан "Кеш YOU" тобының құрамында болдым. Студенттік шақта түрлі байқауларда бақ сынадым, концерттерге қатысып жүрдім. Жастайымнан табыс тауып, өз оқуымды өзім төлеп, үйдегілерді мазаламайтынмын. Қабілетімді көрген әке-шешем шешімдеріме қарсы келген емес. Біраз уақыт ата-анамнан жасырып жүрдім. Өйткені сол сәтте басқа қалада еді. "Мінезіміз жараспады. Бақытты болсын десеңіздер қолдаңыздар" дедім. Тұрмыста түсінгенім, әйелдің ішкі және сыртқы бейнесі ер азаматына байланысты. Ол тірлікке икемді ме жоқ па, бұл бастысы емес, бастысы бірі біріне деген қолдауы. Әйел күйеуінің қолдауының, махаббатының арқасында нәзіктікте жүру керек. Айтпағым, ол пысық па, жоқ па, тірлікке ебі бар ма, өзіне қалай қарайды маңыздысы ол емес”, – дейді өнер иесі.
Балжан Бидаш Жаханмен айырылысқан соң ауыр күйзелісті де бастан өткерген. Ол “Қайта қосылуларыңыз мүмкін бе?” деген сауалға: “Айрылысқанымызға 3 айдан асты. Бастапқы екі ай өте қиын болды. Жұмысқа бірден кірісіп, алдануға тырыстым. Қанша дегенмен, бауыр басып үлгердім. Сағыну болды. Бірақ уақыт тез өтіп кетті. Жаратушыдан да қолдау сездім. Соңғы нүктеге өзім шешім қабылдағандықтан "қолыңмен істегенді, мойныңмен көтер" деген жауапкершілік болды.
Өнер иесінің айтуынша, ол тұрмысқа шыққан соң қатты өзгерген.
“Қатты өзгердім. Бірақ тұрмысқа шыққаныма еш өкінбейбін. Өйткені бұл неке – екеуімізге де сабақ болды. Адамдар бекер жолықпайды. Тағдыр шығар… Жаһаннан, сол тұрмыстағы өмірден үйренгенім, түйгенім жетерлік. Көп тәжірибе жинадым. Сол өмірді көрмегенде, әлі баяғы жас Балжан болып жүре берер едім. Қазір Балжан қатты есейді. Өмір есейтті. Бірақ осы Балжанды бағалаймын”, – дейді әнші.