Ерке Есмахан келіндік өмірімен бөлісті

541
Әнші Ерке Есмахан некелескеннен кейінгі келіндік өмірінен желіде сыр шертті, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.





Мені сағыныпсыздар ғой, не жаңалық? - деп сұрады әнші Instagram-дағы оқырманынан.
 
Оған қоса Ерке ақ орамалына көрімдік сұрады.

Оралда аз уақыт болып қайттық. Орамалыма көрімдік ал, - деп жазды әнші.


Ерке Есмахан келіндік өмірінен хабар берді. Ол қайын атасынан гүл алғанын айтты.

Оралда кешке теледидар қарап отырсақ, папам маған тосынсый қылып, гүл әкеліп тұр. Қуанышымда шек болмады. Келін деген сөз естімедім әлі. Мені "Қызым, Еркежан" деп еркелетеді. Келіндік өмірімді әлі көрсетемін ғой. Әбіржіп жүргенімді көруге асықпаңыздар, - деп жазды Ерке.

Оқырман әншіден мәхрге не алғанын да сұрады. Қалыңдық Raim-нан аппақ тұлпар сұраған.

Raim Еркенің ұлы Мұслимді мектептен алып қайтады екен. Еркенің айтуынша, олар бір-бірін бұрыннан біледі. 

Қазір тіпті араларында ерекше махаббат орнады. Шүкір. Мен мысалы, оны мектепке апарып, алып келмеймін ғой. Ол болса, қамқорлығын төгіп жатыр. Муслим бақытты, - деді Ерке Есмахан.