“Ninety one” тобының мүшелері топтың тарап кетуі мүмкін екенін айтты

1 407

 Атышулы Ninety One тобы тыңдармандарына күтпеген мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Әлеуметтік желіде жігіттердің оқырман сұрақтарына жауап беріп жатқан видеосы тарады. Отырыс барысында топтың болашаққа жоспары туралы да мәселе қозғалды. “Ninety one-дық” жігіттер белгісіз мерзімге демалысқа кетпек.


“Біз қысқа дейін концерт береміз. Содан кейін белгісіз мерзімге, 1-2 немесе 3 жыл үзіліс жасауды жоспарлап отырмыз. Мүмкін әрқайсымыз өз жолымызбен кететін шығармыз. Мүмкін бағытымыз өзгерер. Біз қазіргі образымыздан демалып, үзіліс жасағымыз келеді. Қайтып келсек те, бәрі бұрынғыдан өзгеше болуы мүмкін”, – деді топ мүшесі AСE.


Мұны естіген топ жанкүйерлер топтың тарамауын сұрап, наразылық білдірді.


“Жүректі ауыртты ғой”, “Тарамайды деп үміттенемін”, “Тараймыз деген сөзден соң неше рет жыладым”, “Тарамаңдаршы”, “Сіздер керексіздер”, – деп пікір қалдырды Eagles-дар.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.