"Мас, ішіп алған": Танымал компания Айгүл Елшібаеваны ұшаққа ішіп алып мінген деп айыптады

408
Дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева өзін ішіп алған деп жазықсыз айыптаған компаниямен соттаспақшы. Әнші өзіне жайына қалдырмайтынын ашына жазды,- деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы әншінің желідегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 


"Бұл оқиға , ақ жол емес , сор жолға айналарын кім білген ? Қаскелеңдегі Қарақалпақ , Түркімен , Өзбекстаннан көшкен ағайындардың көрісу күніне , Айгүл келiп жырласын дегесін , бағалары басқа компаниядан кымбат болса да , @airastana ұшағына билет алып, Алматым қайдасын деп , көптен жыр тыңдайтын ортаға түспегесін , алып ұшқан көңілім , түнімен ұйықтамай , домбыраммен қуанып бара жатқан сәттерім , осындай жайға ұшырайды деп кім ойлаған ? Менің мәселем , @airastana стюардессасының , басқа ұлт өкілінің қазақ тілінде менің айтқан сөзімді тусінбей жала жапқанымен , менің устімнен әуежай полициясына арыз жазғаны , жаныма батты . Ұшақ ұшып қонар кезде , орындығыңды түзе дегесін , 3 - рет бастым да , орындық ақауы бар екен , орнына түспей , 3 - рет артымдағы адам итеріп қалпына келтірді . Жабық терезені аш деді , оны аштым . 


-Қақылдап қоймады ғой , қанды ішіп , мына қыз , ұйықтап жатқанда дегеніме , мен жаман сөз айтқандай , орысша тәртіпке келтіріп жатқасын , ұйқтап жатырмын , мазамды алма дедім . -Девушка я буду на вас жаловатся- , деп салонға естірте айтқасын , намысыма тиіп , шыдай алмай -Если , кресло не работает , я виновата что - ли , тогда ремонтируйте- , деп айқайлап жiбердiм , салон естіді , екінші стюардесса , тише- тише- , деп жатқасын , ұйқымды жалғастыра бердім . Борттан шығып келе жатсам екінші стюардессасы бар , касында төрт полиция мені кутіп алды.
 Қолымда домбырам, стюардессам, вот это , вот она- , дейді , қылмыскерді ұстағандай . Амандасқанымнан , екі полициям кетіп қалды , екі полициям қалды . Полицияларым , мына стюардесса ішіп алған , бағынбайтын пассажир дегесін 4 - еуміз шықсақ деп қарап тұр . Күлейін бе , жылайын ба ? Бір ауыз қазақша түсінбейтін стюардесса орыс қыз жала жауыпты . Сіз сау екенсіз ғой , сізді мас деп жүрер , справка алыңыз дегесін өмірі арақ ішіп көрмеген , ғазиз басым , бөлімшеге барып аппаратын үріп, сау деген справка алдым . Стюардессам орыс қызы , қазақ тілінде түсінем деп қояды , бір ауыз сөйлей алмайды , өз елінде қор болған қазақ тілім-ай . @airastana тұтынушыларға құрметтерің кайда ? Бір ауыз қазақша білмейтін стюардессаң , қазақтың әншісін танымай , адамды қылмыскердей қаралауы орынды ма? Сол күні білімді адвокат Абзал Құспанға хабарластым , бұл іс толығымен заңсыз деп отыр
.