Әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы ата-енесіне коттедж үй сыйлады

714

Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза жұбайы Дарханмен бірге ата-анасына коттедж үй сыйлады,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Зәулім үй Нұр-Сұлтан қаласының орталығында орналасқан.


Қуанышты хабарды елмен Фариза әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. 

"Біз үшін үнемі дұғасын тілеп, бағып-қағу үшін бар өмірін арнаған жанашырларымыз! Ата-анамыздың разылығынан артық бақыт бар ма?
Жанымызда болсын, жағдайларын жасайық деген мақсатпен Астананың орталығынан жер үй алдық, осы жылғы басты мақсатымызға Алла қалауымен жеттік! Жаным жай тауып, ерекше сезімге бөленіп отырмын.

Ата-анамызға біздің амандығымыздан артық ештеңе де керегі жоқ, десе де олардың разылығына жету - біздің міндет! Осы өмірде Алла разылығын көздеген адам екі дүниенің бақытын тауып ғана қоймай, тура жолда болмақ. Сіздер бар жақсылыққа лайықтысыздар, Дархан екеуіміз бәрін жасаймыз! Тек аман болыңыздар", - деп жазба қалдырды ол. 



Үйдің кілтін табыстау кезінде әкесінің көңілі босап, жылап қалды.


Оқырмандары екі жасқа риза болып, жылы тілектерін жаудырды. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.