Актер Дәурен Айдарқұлов үшінші рет отау құрды
Актер Дәурен Айдарқұлов қуанышты жаңалығымен бөлісті. Ол өзінің үйленгенін хабарлап, неке қиған сәтінен фотоны өзінің Instagram парақшасында жария етті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Актердің жазбасын көрген желі қолданушылары қуанышына ортақтасып, оған ақ тілектерін білдіріп жатыр. Оның қатарында бұрынғы әйелі Ақбота да бар.
Еске сала кетейік, Дәурен Айдарқұловтың бұл - үшінші некесі. Оның бірінші отбасынан үш, екінші некесінен екі баласы бар. Өнер адамы актриса Ақбота Сейтмағамбетпен 2020 жылы ажырасқан еді.







