Дариғаның заңды өкілі Жылқышыбай мен Дарханның үстінен арыз жазды
Белгілі қоғам белсендісі әрі Дариғаның заңды өкілі Айгүл Орынбек журналистердің бала асырап алу құпиясын жария еткені үшін құқық қорғау органдарына ресми арыз жолдағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, отбасылық құпияны бұзу – тек әдепсіздік емес, ҚР Қылмыстық кодексінің 146-бабы (Бала асырап алу құпиясын жария ету) және 147-бабы (Жеке өмірге қол сұғу) бойынша нақты қылмыстық жауапкершілікке әкелетін әрекет.
Сонымен қатар, ол бұл жағдайды жеке адамның ар-намысын қорғау мәселесімен қатар, қоғамдағы журналистік этика мен заң үстемдігіне сынақ деп бағалады.







