“Өлсем, артымда жылайтын адам бар ма?”
763
Уәлибек Әбдірайымов өзін актер деп есептемейтінін әрі сатирик деп таныстыруға да ұялатынын айтты , - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Уәлибек Әбдірайымов өзін әдетте қазақ эстрадасының сахна сатиригі деп таныстырады. Әртістер есіктен кірсе, мен тесіктен кіріп актер болдым дейді.
Уәлибек Әбдірайымов денсаулығының сыр беріп, ауырғаны кездерін еске алды. Бұл кездерде “Өлсем, артымда жылайтын адам бар ма?” деп ойланған.
Уәлибек Әбдірайымов өзін әдетте қазақ эстрадасының сахна сатиригі деп таныстырады. Әртістер есіктен кірсе, мен тесіктен кіріп актер болдым дейді.
“Мен Оспанхан, Көпен Әмірбектер секілді, Бейімбет Майлин секілді сатира жазбаған соң өзімді сатирикпін деп айтуға ұяламын. Актерлікті оқыған жоқпын. Ел есіктен кірсе, мен тесіктен кірдім. Менің бүкіл актерлік шеберлігімді қалыптастырып берген адам ол – Жүсіп. “Мына кезде былай ойла” деп нұсқау беріп отырды. Театрға барып, спектакльдерді көріп актерлікті үйренген адаммын. Кезінде күріш зауытында, күріш ұрлап қара жұмысшы болдым. Инженер боламын деп ойладым. Орыс тілінен қиналған соң неге орыс болып тумадым екен деп ойлаған кезім болды. Нағашы атамнан араб тілін үйреніп жүрдім. Соны байқаған әкем мені араб тілін әрі қарай оқуға жіберді. Филологияға келдім. Жанымдағылардың бәрі кітап оқып келгендер екен. Мен өзімді мылқау адамдай сезіндім. Қазақтың ұлы халық екенін әдебиеттен ұқтым. Сөйтіп актерлікті оқыған жоқпын. Әр саланың басын бір шалдым”, – дейді Әбдірайымов.
Уәлибек Әбдірайымов денсаулығының сыр беріп, ауырғаны кездерін еске алды. Бұл кездерде “Өлсем, артымда жылайтын адам бар ма?” деп ойланған.
“Адам ауырғанда неше түрліні ойлайды екен. Тамақ іше алмай қалдым. Тіпті бұл өмірден кететін уақыт жақындады ма деп те ойландым. Адам түк емес екен. Алып кетем десе, ажал келсе, ешнәрсе де істей алмайды екенсің. “Өлсем артымда жылайтын адам бар ма?” деп ойландым. Бір журналист сұрақ қойды. “Өлсеңіз, сізді сағынатын адам бар ма?” деді. Қатты ойландым. Шынында бәрі жалған, бәрі қысқа екен. Денсаулығыма салғырт қарағандықтан, сыр берді. Біз, қазақтар, денсаулыққа қарамайтын халықпыз. Сондықтан бардың қадірін білу керек. Қазір Аллаға шүкір деймін. Тәбетім жақсы. Денсаулығым жақсарды”, – деді Уәлибек Әбдірайымов.