Айжұлдыз Адайбекова мен Сәкен Қағаров мешітте неке қидырды

2 711

Фото: instagram.com/aizhuldyz_adaibekovaТанымал блогер Айжұлдыз Адайбекова мобилограф Сәкен Қағаровпен некесін қидырды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Желі жұлдызы жеке парақшасында жақсы жаңалықты сүйіншіледі. 

“Әрекет пен дұға түбі – береке. Ерлі-зайыптымыз. Қасымда болғандарыңа рақмет”, – деп жазды Айжұлдыз. 

Айта кетейік, блогерге жігіті Исландиядағы сарқырамада тұрмысқа шығуға ұсыныс жасаған еді. 

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, екі жасқа бақыт тілеп жатыр. 

“Некелерің мәңгілік болсын!” Екеуі бір-бірі үшін жаралғандай”, “Екі дүниенің бақытын бұйыртсын!”, “Құрған отауларың берік болсын!”, – деп жазды көпшілік. 




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.