Айжұлдыз Адайбекова мен Сәкен Қағаров мешітте неке қидырды
2 714
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Танымал блогер Айжұлдыз Адайбекова мобилограф Сәкен Қағаровпен некесін қидырды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Желі жұлдызы жеке парақшасында жақсы жаңалықты сүйіншіледі.
“Әрекет пен дұға түбі – береке. Ерлі-зайыптымыз. Қасымда болғандарыңа рақмет”, – деп жазды Айжұлдыз.
Айта кетейік, блогерге жігіті Исландиядағы сарқырамада тұрмысқа шығуға ұсыныс жасаған еді.
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, екі жасқа бақыт тілеп жатыр.
“Некелерің мәңгілік болсын!” Екеуі бір-бірі үшін жаралғандай”, “Екі дүниенің бақытын бұйыртсын!”, “Құрған отауларың берік болсын!”, – деп жазды көпшілік.
Қаз
Рус






