Дина Төреәлі туған күніне келген ең қымбат сыйлықты көрсетті

2 698

Фото: instagram.com/farizatorealiТанымал блогер Дина Төреәлінің әпкесі Фариза Төреәлі сіңлісіне көлік мінгізді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Желі жұлдызы тосынсыйын көрсету үшін арнайы ата-анасын да алдырған. 

“Алла қалауымен сіңліме тосынсый жасадым! Сені шын жүректен жақсы көремін. Әпкелік қамқорлығымды қабыл ал. Аллахым тек жақсы күндерді нәсіп етсін. Ата-анамыз да осы қуанышқа тап бола қалғандарына шүкір етеді. Бауырмалдығымыз, жанашырлығымыз арта берсін. Туған күніңмен, жаным сіңлім!", — деп жазды Фариза Төреәлі.

Туған күн иесі Дина Төреәлі де жеке парақшасына жазба жариялап, әпкесіне алғыс білдірді. 

“22 жасым үлкен тосынсыймен басталды. Бұл – менің мінген үшінші көлігім. Алғашқысын 16 жасымда ата-анам салоннан сыйлаған еді. 18 жасымда ағам аппақ үлкен көлігін сыйлады. Тұрмыс құрғаннан кейін 2 жыл өз қалауымды кейінге қалдырып, осы бір үлкен арманымды іште сақтағанмын. Соңғы бір айда Алладан күнде дұға етіп, өз адал еңбегіммен нәсіп етші деп тұрып қалауымды сұраған едім. Тіпті дәл осы сыйға алған көлікті 10 күн бұрын Lexus центрге барып, ішін ашып отырып тұрып қатты қалағанмын”, – деп қуанышын жасыра алмады желі жұлдызы. 


  

 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.