Kalifarniya келіншегіне жаңа көлік сыйлады

2 525

Фото: Instagram/kalifarniyaТанымал әнші Kalifarniya әйеліне ерекше тосынсый жасап, су жаңа көлік сыйлады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Өнер иесі көлікті сыйға тарқан сәтті Instagram-дағы парақшасында көрсеткен. 

Әншінің келіншегі бұл тосынсый туралы мүлдем білмеген болып шықты. Ол жолдасының мұндай сыйлығына қаттты қуанып, оған алғысын айтты. 

Kalifarniya халық Париж Олимпиадасының чемпиондары мен жүлдегерлеріне көлік мінгізіп жатқанда, елден қалыспайын деп "үйіндегі асхананың чемпионын" қуантуды шешкен. 

"Бүгін керемет күн болғалы тұр. Париж Олимпиадасының чемпиондарына көлік мінгізіп жатыр ғой. Мен де қалыс қалмайын деп біздің асүйдің чемпионы әйеліме көлік сыйлағалы тұрмын. Ол ештеңе білмейді. Қазір ғана шақырдым. Реакциясын бірге көрейік", – деді әнші.  



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.