"Ыдыс-аяқ сылдырлап тұрады"...

487
Жақында ғана тұрмысқа шыққан "КешYou" тобының экс-әншісі Балжан Бидаш отбасылық өмірі қалай өтіп жатқанымен бөлісті. Жахан Отарағалиевтің жары екеуінің қарым-қатынасы көпшілік ойлағандай аса мінсіз емес екенін айтты. Жұлдызды жұп та өзге ерлі-зайыптылар сияқты кейде келіспей қалып жатады.

Балжан Бидаш Instagram парақшасында жаңа жазба жариялап, онда жанұясының құпияларын ашты. 
Шоу-бизнес жұлдызы жолдасының мінезіне қатысты тың мәліметтермен де бөлісе кетті. Ол Отарғалиев комедия актеры болғанымен, шын өмірде қаталдау адам екенін айтып көпшілікті қатты таңғалдырды.

"Жахан мен Балжан өмірде де осындай ма? Шыны керек,Жахан көбіне комедия актёры болса да мінезі өте қатал. Бірақ халыққа өте жақын. Инстада күнделікті өмірімен бөліседі. Сол инстада ол тек шынайы өмірі мен шынайы іс-әрекетін көрсетеді. Соны көрген кей бір адамдар оны дұрыс түсінбей, “қарапайымдылық” деген сайын наглость етіп жіберетіндер де кездесіп жатады. Жахан ұнатпайтын адаммен өтірік үліп араласып, сөйлесіп отыра алмайды. Бірақ өтірік күлу кейде керек екенін бәріміз білеміз. Көбісіміз соны жасаймыз. Ол да дұрыс шығар" , - деп жазды әнші.

Оған қоса, Балжан Бидаш күйеуі екеуінің арасында келіспеушіліктер де орын алып тұратынын жасармады. 
"Инстада идеалды жанұя болып көрінуіміз мүмкін, біз де ыдыс-аяқ сылдырлап тұрады. Бірақ инста-сториста сіздер көріп отыратын біздің видеоларымыз ол сол біздің өміріміз. Жасандылыққа тырыспаймыз. Байқағандарыңыздай нан мен макарон жесек те, носки тесік,шаш май болса да біз шынайы моментті түсіріп аламыз. Түсінгенім, өмірде біреуге ұнауға, жағуға тырыспаңыз. Шынайы өз кейіпіңізді ұстаңыз! Сонда ғана жаныңызда шынайы адамдар қалады! Шынайы өмір сүріңіз", - деп пікірін білдірді.