"Қызуым көтеріліп, өзімді әлсіз сезіндім"

422
Отандық шоу-бизнесте вакцина салдырып жатқан жұлдыздар қатарында енді Гүлназ Жоланова да бар. Өнер иесі коронавирусқа қарсы екпеден кейін өзін қалай сезінгенін айтты.

Гүлназ Жоланова вакцинациядан кейінгі жағдайы туралы Instagram парақшасында сыр шертті. Киножұлдыз бірінші екпені қабылдаған соң, дене қызуы көтерілгенін жеткізді. Оған қоса, актриса өзін аса әлсіз сезінген. "Вакцина салдырамын деп шештім. Алғашқы күні қызуым көтеріліп, әлсіздік сезіндім. Жалпы жағдайым жақсы. Анам бүгін екіншісін алды.Жақындарымның ауырып жатқанын жиі естіп жүрмін. Арасында өлім де бар. Сақ болыңыздар, ауырмаңыздар” , - деп жазды Жоланова. Желі қолданушылары өнер иесіне тез сауығып, аяққа тұруын тіледі. Алайда, оқырмандардың коронавирусқа қарсы екпе салдыруға пікірі екі түрлі болып шықты. Бірі вакцинаны қабылдауды толығымен қолдаса, енді бірі түбегейлі қарсы шықты. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.