Еркебұлан Тоқтар інісіне Алматыдан пәтер сыйлады
Танымал актер әрі поп-ММА өкілі Еркебұлан Тоқтар інісіне Алматының орталығынан пәтер сыйлаған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz порталына сілтеме жасап.
Өнер иесі қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған. Ол алдымен бауырының осыған дейін өзіне демеу болған кезін еске алған.
Актердың айтуынша, 5 жыл бұрын қарызға белшесінен батқан кезінде несие алып беруін сұрау үшін інісіне барған.
Еркебұлан Тоқтар сол қаражаттың арқасында бүгінгі деңгейіне жетіп отырғанын алға тартқан.
Поп-ММА өкілі бауыры үш жұмыс істеп, қанша талпынса да, жеке баспанасын ала алмай жүргенін жеткізген.
Актер інісіне пәтер кілтін табыстау сәтін де ерекше ұйымдастырды. Туған күніңді ұмытып кеттім деген сылтаумен оған пакетке салынған сыйлық ұсынады. Артынша қалтасынан пәтердің кілтін шығарып, нағыз тосынсый жасайды. Еркебұланның бауыры алғашында бұған сене алмай, бірнеше рет “Рас па?” деп қайта-қайта сұрады. Ал шын мәнінде пәтер сыйлағанын түсінген сәтте көз жасына ерік берген.







