Омар Жәлел “тоқал алу” туралы бұрынғы көзқарасының қате болғанын мойындады

2 580

Фото: https://www.instagram.com/omarjaleluly_official_page?Абайтанушы, филолог Омар Жәлел әлеуметтік желідегі парақшасында тоқал тақырыбына қатысты өз ұстанымын өзгерткенін мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, ер адамның тоқал алу арқылы бағы ашылады деген пікір – қате түсінік. Ол бұл мәселені кезінде өзі де жиі көтеріп, насихаттағанын, алайда өмірлік тәжірибе оның дұрыс еместігін дәлелдегенін айтты.

“Тоқал алу – қазіргі заманда нәпсі мен құмарлықтың көрінісі. Бұрын бұл өмірлік қажеттілік болса, қазір мақтан мен нәпсінің жетегіндегі әрекетке айналды. Мен осы идеяның қате екенін мойындаймын және менің сөзім әсерінен отбасы бұзылған болса, кешірім сұраймын”, – деді Омар Жәлел.

Филолог өзінің бұрынғы пікірлері кейбір адамдардың жеке өміріне әсер еткенін айтып, көпшілік алдында жауапкершілігін мойындады. Сондай-ақ қазіргі қоғамда “тоқалды бәйбішенің өзі алып беретін заман” келмеске кеткенін және бұл дәстүрдің қазіргі жағдайда өзектілігін жоғалтқанын атап өтті.

Оның жазбасына пікір білдірген желі қолданушылары екіге бөлінді: бірі ғалымның ашық түрде қатесін мойындағанын ерлік деп бағаласа, енді бірі мұны кеш мойындау деп сынға алды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.