"Басымнан бір ұрды"- Меруерт Түсіпбаева

649

Фото: https://www.instagram.com/meruert_tusupbaeva/?hl=ruӘнші анасынан алғаш және соңғы рет таяқ жеген күнін еске алды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

 Бұл туралы Түсіпбаева "Таңшолпан" бағдарламасында айтты.

Мектеп қабырғасында болған оқиғаны Білім күні еске алды. Әнші өтпелі кезеңде жүргенде құрбыларымен келісіп, мұғалімге мінез көрсеткен. 

"13-14 жаста математика пәнінен кезінде анама сабақ берген Қабдолла Қалиұлы деген ұстаз сыныпқа кіргенде тұрмай қойдық. Қыздар алдын ала келісіп алғанбыз. Ол үлкен дауға айналып, анам келді. Басымнан бір ұрды. Анам өмірінде ең бірінші рет, бәлкім, ең соңғы рет қол көтерді. Мектеп уақытында сондай стресс алып, өмір бойы есімде қалды", – дейді өнер иесі.

Болған оқиғадан кейін әнші бұл қылығын екінші рет қайталамаған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.