Ерке Есмахан бала күтушісіне бағалы сыйлық тарту етті

2 562

Фото: erke_esmahanҚазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ерке Есмахан бүгінде өзіне көмектесіп жатқан бала күтушісіне ерекше тосын сый жасаған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Өнер иесі ұялы телефоны бұзылып қалған бала күтушісіне күйеуі Райммен бірге жаңа Iphone алып берген. Жұлдызды жұп баласына қарасатын кісіге соңғы үлгідегі Iphone 15 Pro тарту етті. Бұл жаңалықты әнші арудың өзі Instagram-дағы парақшасында жария етті. 

"Бала күтушіміздің телефоны бұзылып қалыпты. Тосынсый жасадық", - деп жазды эстрада жұлдызы. 

Сонымен қатар шоу-бизнес өкілі бала күтушісінің жаңа телефонын қораптан алып шыққан сәтін де көрсетті. 

"Құтты болсын! Игілігіңізге ұстаңыз" , - деген жазба қалдырды Ерке.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.