Жаттығудан кейінгі сезім ұнайды - Димаш Құдайберген

639

Димаш Құдайберген тағы бір арумен көзге түсті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Әнші Instagram парақшасында белгісіз бойжеткенмен бірге түскен суретін жариялады. Екі жас бірге теннис ойнаған. 

"Теннис ойнадық. Жаттығудан кейінгі сезім ұнайды", – деп жазба қалдырды әнші


Құдайбергеннің фанаттары фотодағы қыздың кім екенін білуге асықты.
 
"Әртүрлі іспен айналысатыныңды білгенде қуанамын. Жаныңдағы сұлу бикешке жеңіліп қалмадың деп үміттенемін", "Теннис ойнағаның керемет. Бірақ екінші фотоны көріп біраз кідіріп қалдық. Құшақтап тұрсың", "Бұл қыз кім? Теннис ойнауға неге сонша боянып алған", "Қызыл киген әйел. Сенің қалауыңды түсіндік", "Мұндай сұлу қызбен теннис ойнағанның әсері бөлек шығар", – деп пікір білдірді оқырмандар.