Үстінен қылмыстық іс қозғалған әнші Мұқасан Шахзадаев концертте бой көрсетті

2 602

Фото: https://www.instagram.com/dossymzhan_tanatarovАқын Олжас Отардың “Ауырмайды жүрек” атты шығармашылық кешінде үстінен қылмыстық іс қозғалып жатқан “Нұр-Мұқасан” тобының экс-әншісі Мұқасан Шахзадаев көпшілік алдына шықты,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Кеш барысында Мұқасан Шахзадаевтың сахна төріне көтерілгені байқалды. Ақын Олжас Отар Instagram-парақшасында әншінің ән орындаған сәтінен бейнежазба жариялаған. Ал әнші Досымжан Таңатаров өз сторисінде Мұқасанмен түскен суретін бөлісіп, жұрт назарын аударды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мұқасан Шахзадаевқа “Нұр-Мұқасан” тобының жаңа әншісіне қол жұмсады деген айыппен қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған еді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.