"Дәурен екеуміздің арамыздағы "химия" – хайп ": Салтанат Серкебаева

2 737

Фото: ашық дерек көзіТанымал актриса, әнші Салтанат Серкебаева алғаш рет отбасы туралы айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

“Оян” бағдарламасына келген  Салтанаттың бағын ашқан “Томирис” фильмі болатын. 

“Күйеуіме тоқал іздеймін” атты туындыда Дәурен Айдарқұлов екеуіміз ерлі-зайыптыларды сомдаймыз. Ол кісімен “арамызда химия болды” деген сөзіміз – хайп. Ұйымдастырушылар солай айтсақ, көрермен назары бізге ауады деп сендірді. Расымен жұрт шулап кетті. Өмірде ол кісімен қалай химия боласың?!”, – деп күлді актриса.


Сондай-ақ актриса келер жылды “отбасы жылы” деп бір сырдың шетін шығарды. 

“2023 жыл мен үшін кино жылы болды. 4 киноның прьемерасында бой көрсеттім. Түсірілімге шақырту өте көп болды. Сол үшін жеке өмірге уақыт болмады. Жаңа жылды отбасы жылы деп жариялаймын. 2024 жылы тұрмысқа шыққым келеді. Сүйіктім бар”, – деп жауап берді өнер иесі. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.