«Тәжірибе жинап алдым»: Мөлдір Мұқанова ажырасу туралы кино түсіруге кірісті

2 547

Фото: Instagram\@moldir.mtПродюсер Мөлдір Мұқанова екінші киносын түсіруге кірісіп, қоғамдағы өзекті тақырып – ажырасу мәселесін кино арқылы көрсетуге ниетті,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Продюсер өзінің алғашқы фильмінің жабық көрсетілімін өткізді. Сол сәтте Мөлдір Мұқанова залға кіруге қобалжып, алғашқы тәжірибесінің кейбір кемшіліктерін түсінгенін жеткізді. «Тәжірибе жинап алдық. Келесі киноға идея көп. Осы жолы жай шет жағасын жеңіл-желпі көрсеттік», – деді ол.

Жаңа фильмнің сценарийі әзірленіп жатыр. Мөлдір Мұқанова бұл фильм арқылы қоғамдағы ажырасу деңгейін төмендетуге ықпал етуді көздейтінін атап өтті: «Егер кино кем дегенде 10% отбасына әсер етсе, бұл үлкен жетістік болады». Продюсер жаңа жобасын жақын арада көрерменге ұсынуды жоспарлап отыр.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.