Марқұм ұлын еске алған Әсел Асқар елді жылатты

2 583

Фото: instagram.com/assel.askarОтандық танымал актриса әрі блогер Әсел Асқар желіде марқұм ұлының видеосын жариялап, оған деген сағынышын жеткізді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Әсел Асқар марқұм ұлын еске алып, Instagram-дағы парақшасында әсерле жазба жариялады. Актриса бүгінде перзентін қатты сағынып жүргенін айтып, көпшілікке мұрағаттық видеоны көрсетті. 

"Сағындым сені, балам. Сен сыйлаған маған бақыт қаншама, сен кеткелі сөнді жарық күн. Шуағым менің", - деп жазды өнер иесі. 


Желі қолданушылары блогер арудың жазбасынан кейін түрлі пікір қалдырып, оған барынша қолдау білдіруге тырысты. 

"Сіздің видеоларыңызды көрген сайын жылаймын", "Сізді ешбір жан түсіне алмайды. Мықты болыңыз", "Ешкімнің басына түспесін. Әсел, сіз өте мықты әйелсіз", "Жүрегім ауырып кетті. Көз жасым тоқтар емес", "Аналарды баламен сынымасыншы", "Мұндай жағдай менің де басымнан өтті. Сізді түсінемін", - деп жазуда көпшілік.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.