«Ұят болды»: Роза Рымбаеваның концерті желіде қызу талқыға түсті
Халық әртісі Роза Рымбаева Ақтауда, дауылға қарамастан, ашық сахнада концерт берді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі inAktau.kz сайтына сілтеме жасап.
Өнер жұлдызының концерті 14 наурызда 15-шағын ауданда өтуі керек болған, алайда бұл күні құтқару қызметі Маңғыстау облысының тұрғындарына секундына 20 метрге дейін жел соғатыны туралы хабарлама жіберген. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, әнші концертін өткізу туралы шешім қабылдап, жиналғандар алдында өнер көрсетті.
Басылым мәліметінше, Рымбаеваның кешіне облыстық орталықтан 50 шақты ғана адам келген. Желі қолданушылары өнер иесінен ұят болғанын жазып жатыр.