Тәпішке мен күртеше киіп билеген Қайрат Нұртас желіні шулатты

373

Қайрат Нұртастың күртеше мен тәпішке киіп билеген видеосы желіні шулатты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Әрқашан өзіндік стилімен ерекшеленіп жүретін өнер иесі бұл жолы да тыңдармандарын таңқалдырды. Оқырмандары Қайраттың киіміне бірден назар аударып, талқыға сала жөнелді.
 
Соңғы жылы Қайратты жары Жұлдызбен ажырасқаны жөнінде ел арасында тараған қауесет көп. Қайраттың әр әрекетінен астар іздейтін көпшілік қауым бұл жолы оны "күйзелісте жүр" деп топшылады.

"Қиналып жүрсіз-ау, Жұлдыз ханымды сағынып", "Жасандылық, өзін-өзі алдау", "Қайрат, күйзелісте жүрсің-ау шамасы", "Тәпішкеңіз күшті екен", "Видеоңыз от", "Стиліңіз жолда қалып кетті ғой биіңізден кейін", - деп пікір қалдырды желі қолданушылары.