Қайрат Нұртас жүрек тебірентерлік жазба жариялады
Танымал әнші Қайрат Нұртас әлеуметтік желіде қызы Алауды туған күнімен жылы лебізбен құттықтады. Өнер иесінің жанкүйерлері де ізгі тілектерін жаудырды,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy порталына сілтеме жасап.
Алау – әншінің ортаншы қызы. Туған күніне орай Қайрат Instagram парақшасында қыздың суретін жариялап, қазақ және орыс тілдерінде әсерлі жазба қалдырды.
Құттықтауында ол қызын «жұлдызшам» және «әкесінің жүрегі» деп атап, бақыт тілеп, әрдайым жанында болып, қорғап-қолдайтынын жеткізді.
Өнерпаз сондай-ақ қызына мақтанатынын, оның әрбір жетістігіне қуанып жүретінін айтқан. Ол қызына әрдайым жарқырап жүруін тілеп, қандай жағдайда да жанынан табылып, шынайы сүйіспеншілікпен қолдай беретінін атап өтті.







